Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2015

Алмалы ауданында балалар арасында жол-көлік жарақатын төмендету бойынша іс-шара ұйымдастырылды


И.Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей №54 мектеп-гимназиясында Алмалы ауданы әкімінің аппараты қалалық Жасотандықтармен бірлесе отырып, балалар арасында жол-көлік жарақатын төмендету бойынша іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шарада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының, Алмалы ауданы Прокуратурасының, аудандық білім бөлімінің өкілдері және мектеп жанындағы жазғы лагерінің тәрбиелеушілері қатысты.

Мемлекеттік органдар өкілдері өз сөздерінде балаларға жол жүру ережесін білу маңыздылығын ескертті. Сондай-ақ, мәлімдеушілер Алматы қаласында соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша жүргізушілер қателігінен 2 656, жаяу жүргіншілер дұрыс өтпеу салдарынан 456 көлік қақтығыстары орын алғандығын айтып, көлік қақтығыстары есебінен 2 119 адам (оның ішінде 379-ы кәмелетке толмаған) жарақат алып, 63 адам көз жұмғандығын мәлімдеді.

Шара барсында Жасотандықтар балалар арасында жол жүру ережесін білу бойынша викторина ойындарын жүргізіп, өз кезегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, олар жол жүру ережесі көрсетілген ақпараттық материалдарды барлық қатысушылар арасында таратты.

Іс-шара балалардың шағын концерттік бағдарламасына ұласты.

18.06.2015