Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2015

Алмалы ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті


Бос орындар жәрмеңкесі Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарамалар басқармасы, Алмалы және Медеу аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен өтті.

Бұл шара аудандағы әлеуметтік климатты жақсарту мен жұмыссыздардың санын азайту, ЖОО және орта оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға бағытталған.

Жәрмеңкені Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Әліқұлов Е.Ш., Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова А.С., Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айнақұлова Д.М. алғы сөздерімен ашты.

Жәрмеңке Алматы қаласының даму бағдарламасы мен «Жұмыспен қамту картасы-2020» аясында өткізіліп отыр. Аталған бағдарламаға сәйкес әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары көрсетілген.

Жәрмеңке 90 шақты жұмыс беруші, негізінен қызмет көрсету, құрылыс, сауда, көлік, қаржы салаларының кәсіпорындары қатысты.

Қазіргі күрделі экономикалық ахуал кезінде ондай жәрмеңкелердің атқарар рөлі зор.

Айта кету керек, басқарма мамандарының айтуынша, жыл басынан бері жәрмеңкелер арқылы 200 адам жұмыспен қамтылды.

18.09.2015