Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Алмалы ауданында белсенділер марапатталды


Алмалы ауданында салтанатты түрде аудан әкімінің алғыс хаттарымен «Белсенді ұзақ өмір» бағдарламасының іске асырылуына белсенді қатысқан кәсіпкерлерді  марапаттау іс-шарасы өткізілді. Кәсіпкерлер өздерінің мейрамханаларының, караоке-барларының, фитнес-орталықтарының және қарт адамдарға арналған сұлулық салондарының есігін белсенді ұзақ өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін ашты.





Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың атынан жазылған алғыс хаттарды аудан әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова табыс етті. Алғыс сөздер «Persona Grata» мейрамханасына, «Hot2be» және «Voice» караоке клубтарына, «Красное яблоко» сұлулық салонына, «Classis Fitness Center and Healthclub» фитнес-орталығына, ««МұнайТас»  Солтүстік-Батыс құбыр компаниясына»,   «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорына, сондай-ақ  Умархаджиева Гуляим Касымовнаға табысталды.







Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту тәжірибесі олардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттырудың ең тиімді құралы болып табылады.


18.01.2019