Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2017

«Premier Hall» мейрамханасында көктем мерекелеріне арналған «Әйелдерге махаббатпен!» атты қайырымдылық акциясы өтті


«PREMIER HALL» мейрамханасында «Әйелдерге махаббатпен!» атты салтанатты іс–шара  болып өтті. Аталған іс-шара 2017 жылдың 01 наурызында Алматы облысында бастау алып, негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөлу болып табылады.



Осы орайда, іс-шара барысында әйелдер қауымы көктемнің төл мерекелері Халықаралық әйелдер күні мен келе жатқан «Наурыз мейрамы» мерекесімен құттықталды. Акцияны Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат жөніндегі ұлттық  комиссиясы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, Алмалы ауданының «Нұр Отан» партиясы және «Қоғамдық келісім»  КММ-мен ұйымдастырылды.



Шара кезінде, Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық  комиссиясының төрайымы - Н. Тоғызбаева, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А. Бекжанова, Алмалы ауданының «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары - Н. Ордабаева, «Қоғамдық келісім» РММ-ң директоры–Ж. Ш. Мұрынова, Алматы қаласынің Ішкі істер департаменті баспасөз кызметінің басшысы - С. Әзірбек, Алматы облысының және Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.



Салтанатты іс-шараның басталауна дейін әйел қауымына визажисттер мен стилистер қызмет көрсетілді. Сонымен қатар,  салтанатты түскі ас және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Келген қонақтарға сый-сияпаттар, кітаптар мен гүл шоқтарын табысталып, «Арман» кинотеатрына тегін кино көруге жолдамалар таратылды.  



Акцияның басты мақсаты, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғам-ның толық¬қанды мү¬шесі ретінде сезінулеріне жағдай туғызу болып табылады. Осындай іс-шаралар қамкөңіл жандардың жүрегіне ізгілік нұрын құйып, олар¬ды өмірге талаптанды¬рады.



Салтанатты іс-шараның қорытындысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері «Әйелдерге махаббатпен» атты акциясын жалғастыруына бағытталған эстафетасын қабылдады. 





18.03.2017