Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.04.2019

Аудан тұрғындарының өзекті мәселелері белсенді шешілуде


«Nur Otan» партиясының алдағы Съезінің қарсаңында «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті. Конференция барысында партияның «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Құтты мекен» и «Ауыл ел бесігі» 4 негізгі бағдарламаларының жүзеге асырылуы қаралды.



Партияластардың алдында сөз сөйлеген партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Беккали Торғаев аталған бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндай келіп, соның ішінде «Бақытты отбасы» жобасы аясында 100-ден аса көпбалалы отбасыларына көмек көрсетілгенін атап өтті.



«Партия бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылып, жұмыс істеп келеді. Осы қордың көмегімен ауданымыздағы 69 көпбалалы отбасына азық-түлік және балалар киімдерін алу үшін 2,5 млн теңгенің сертификаты тапсырылды», - деді Б.Торғаев.
Баяндамашының айтуынша, кәсіпорын басшылары мен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен  10 отбасы патронажға алынып, тұрғын үйді жалға алу ақысы, тұрмыстық техника мен азық-түлікпен  қамтамасыз етуге жәрдем көрсетіледі. Көпбалалы 17 ана еңбекке орналастырылды. 1089 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан 55 сәби алдағы уақытта бала-бақша төлемінен босатылады.



Осыған байланысты Алмалы аудандық көп балалы аналар одағының төрайымы Сандуғаш Рымқұлова көпбалалы отбасыларға қолдау көрсеткені үшін  партияға рахметін айтты.
Сондай-ақ, басқа да партиялық жобалар туралы кеңінен сөз болып, оның халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мән-маңызы туралы түсіндірілді.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ХХIV конференциясына 30 делегат сайланды. 
18.04.2019