Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

«Көршілер театры» қалалық қауымдастықтар мен Алматы қаласының театр ұжымдары арасындағы ынтымақтастық зертханасын өткізді


«Depo Evolution Park« саябағында қалалық қауымдастық  және Алматы қаласының театр ұжымдарының ынтымақтастығы бойынша әлеуметтік зерттеу зертханасы жұмыс істеді. Шара  «Көршілер театры» ұйымдастыруымен қалалық ортада ашық қоғамдық орындарын ашу оқыту бағдарламасы аясында  өтті.



Зертхана жұмысына театр қайраткерлері және қалалық қауымдастық өкілдері қатысты. Ашық зертхананың мақсаты театрдың әлеуметтік өзара әрекеттесу құралы ретінде мүмкіндігін зерттеу. Театрлық тәжірибе бір-бірімен, әкімшілікпен, тұрғындармен, белсенділермен байланысқа түсу қиын әлеуметтік топтар арасында сындарлы диалогты құрудың тиімді әдісі болды. Форум-театрға дайындықпен қатар  site-specific  жанрдағы сценарийді орындау бойынша жұмыстар жүргізілді.



Театр кәсіпқой актерлерден емес, «Тастак» ықшам ауданының тұрғындарынан құрылған, сондай-ақ заманауи драмалық театр технологиясының көмегімен қатысушылардың шынайы әңгімелерінің негізінде құрылған «Мен  және  Алматы» әлеуметтік көрсетілімін ұсынды. Әртістер әрқайсысы Алматыға деген қарым-қатынасы, сүйіспеншілік пен құштарлықты туралы көрсете  білді.



«Көршілер театрының»  жігіттері Тастақ ықшам ауданындағы  жергілікті қауымдық театр алаңында үнемі ойнайды. Ашық қоғамдық кеңістік Дүйсенов-Брусиловский көшелер қиылысында  орналасқан.


«Көршілердің театры» мәдени-әлеуметтік жоба «Сорос-Қазақстан қорының» жаңа идеясын жүзеге асыру және жергілікті мәселелерді ұжымдық шешу үшін қалаларда қоғамдық орындардың пайда болуы мен дамуын қолдайтын «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы шеңберінде «Эко Мәдениет» қоғамдық қорымен жүзеге асырылады.



Сайт: https://neighborstheatre.kz
«Көршілер театры» әлеуметтік желілерде:
www.facebook.com/neighborstheatre
https://www.instagram.com/neighborstheatre
https://vk.com/neighborstheatre


18.06.2018