Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2019

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады


2019 жылдың 21маусымында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін«БЖЗҚ» АҚАлматы қаласындағыфилиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі. 
Осы шара аясында Қордың өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-ден17:00-ге дейін әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді.Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкіндіктері болады.     
Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:
-Алматы қаласындағы КММ «Жұмыспен қамсыздандыру орталығы»
-«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» БАҚ
-Алматы қаласындағы «Медициналық-әлеуметтік сақтандыру қоры» БАҚ
-Алматы қаласындағы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.    
Еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 80 (Желтоқсан көшесімен қиылысы)мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағыфилиалында өткізіледі. 


Байланысушы тұлға - Абуева Гулдана Нургалиевна
Телефоны – 8 727 330 9838, 8 778 888 7366




18.06.2019