Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Алмалы ауданында «Ең үздік спикер» атты байқау өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында «Ең үздік спикер» атты байқаудың бірінші кезеңі өткізілді.  Байқауға қатысуға бастауыш партия ұйым төрағалары мен партия белсенділері өтініш білдіріп, өз бақтарын сынады. 





«Ең үздік спикер» байқауының басты міндеті - Алматы қаласы бойынша партияның үздік спикерлерін анықтау, партия мүшелерінің коммуникативті қырларын дамыту және шешендік өнерді үйренуге ұмтылысты арттыру болып табылады. 








Байқау комиссиясы құрамында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиала төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов; «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Ішкі аурулар және кардиология ғылыми зерттеу институтының ғылыми хатшысы Нұрлан Әбдіқалиев; партия ардагері, №5 Қалалық емхананың эксперт дәрігері Сәуле Садықова, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Рахмидин Ходжаев және партияның Алмалы аудандық филиалының кеңесшісі Самат Төрехан болды. 





Байқау жеңімпаздары ретінде – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары дәрежелі дәрігер кардиохирург, Қалалық кардиологиялық орталық директоры, партияның Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Алмат Қодасбаев және жоғары дәрежелі педагог, Міржақып Дулатов атындағы №136 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «Алмалы -136» бастауыш партия ұйым төрайымы Нұржанат Нұрсейітова танылды.
Байқау соңында қатысушыларға арнайы дипломдар мен есте қаларлық сыйлықтар табысталды.






18.07.2018