Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2017

ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Серік Сейдуманов «Алматы қалалық Қоғамдық Кеңес» мүшелерімен кездесті


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы  фракциясының мүшесі Серік Тұрарұлы Сейдуманов«Алматы қалалық Қоғамдық Кеңес» мүшелеріменресми кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Қоғамдық Кеңес» мүшелері,«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық және  Алмалы аудандық филиал өкілдері қатысты. 



Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Серік Сейдуманов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылап өтті. Сонымен қатар, «Алматы қалалық Қоғамдық Кеңесінің» жұмысын күшейту және дамыту, кадрлық потенциал, кеңесті қаржыландыру сұрақтары, мектеп деңгейін тексеретін ревизиялық  комиссия жұмысы, қала ғимараттарының мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі туралы мәселелер қарастырылды.


18.08.2017