Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2016

Панфиловшылар дивизиясының Мәскеу төңірегіндегі шайқастың 75 - жылдығы


Панфиловшылар дивизиясының Мәскеу төңірегіндегі шайқастың 75 -жылдығы және қазақстандық – ардагерлердің бұқаралық жеңісіне орай "Біз миллиондаған панфиловшылармыз" атты еске алу шарасы ұйымдастырылды.



Іс-шараға  Алмалы ауданының қоғамдық қайраткерлері, жедел әскердің сарбаздары, студент жастар мен оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар, сапты шеруге И.В.Панфиловтың немерелері Айгүл және Алуа Байқадамовалар қатысты. 



Колоннаның қозғалысы «Астана» алаңынан жол түзеп «мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қоюмен жалғасын тапты. Одан басқа, әскер үйінде еске алу концерттік кеші ұйымдастырылды. Аға буынның еске алу вахтасын жастар қабылап, генерал Панфилов пен оның серіктестерінің бейнелерінің  тарихи дәл жаңғыртылуына шынайы қызығушылық танытты. 



Сегізінші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы– Алматыда жасақталған әскери құрама (1941). Тұңғыш командирі – И.В. Панфилов. Алғашында 316-атқыштар дивизиясы болып жасақталып, Мәскеу түбінде көрсеткен ерен ерлігі үшін Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы аталды.



Құрамы Алматы, Талдықорған, Шымкент облыстары мен Кырғызстан тұрғындарынан жасақталды. 1941 жылы 17 қарашада Қызыл Ту орденімен марапатталып, 18 қарашада Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы атақ алды.



23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі И.В. Панфилов есімі берілді.


18.11.2016