Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2017

Алмалы ауданында "Универсиада-2017" тақырыбында ақпараттық-танымдық сағаты ұйымдастырылды


Алматы қаласында Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада  - 2017 өткізілуінің қарсаңында Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен  «АВИМЕД» медициналық колледжінің студенттеріне арналған ақпараттық сағат ұйымдастырылды.  



«Не? Қайда? Қашан?» арнайы дайындалған ақпараттық дайджест бойынша студенттерге спорт ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болып саналатын Универсиада ойындарының шығу тарихы мен мәні туралы және ару қаламыз Алматының төрінде 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында «Қанатыңды кең серпі» ұранымен өтетін ХХVIII Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада туралы ақпараттар берілді. 



Универсиада – Халықаралық студенттер спорты федерациясының қамқорлығымен әр екі жыл сайын өткізілетін дүбірлі дода. Универсиадаға 17-28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар, докторанттар, спорт шарасы алдында ғана оқу бітірген түлектер қатысады. Қазақстан спортшылары Универсиада ойындарына 1993 жылдан бері қатысып келеді.  Осы жылдар ішінде 700-ден астам спортшымыз 125 медаль жеңіп алды. ХХVIII Қысқы Универсиада ойындарын Алматы қаласында өткізу туралы шешім 2011 жылдың 29 қарашасында Брюссельде Халықаралық Университеттер федерациясында дауыс беру нәтижесінде анықталды. 



Алматы – бұрынғы Кеңестер одағы елдері арасында алғашқы болып Қысқы Универсиада астанасы мәртебесіне ие болған тұңғыш қала. Универсиада-2017-нің бойтұмары ретінде жас сұңқар таңдап алынды, ал логотипі стильденген қанаттар түрінде бейнеленді. Универсиада логотипінде FLSLL-дің символикалық элементі болып табылатын U латын әрпі көрініс тапқан. Жарысқа әлемнің 57 елінен 2000 спортшы, шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Ойындар спорттың 12 түрі бойынша өткізіледі. Студенттер жаймаға қойылған спорттық кітаптармен, папка-досьеге жинақталған мерзімді басылымдармен танысып, бүгінгі Жастар спортпен шұғылданып, спортты таңдап, салауатты өмір салтын қолдайтындарын білдірді. Сындарлы додада саңлақтарымыз ел намысын абыроймен қорғасын деп тілейміз. 


19.01.2017