Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Құрманғазы Оркестрі әлемге танымал шығармаларды орындады


«Оркестр түні:әлемдік хиттер» деп аталған концерт аншлагпен өтті. 
Тыңдармандар Құрманғазы оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған әлемге танымал шығармаларды тамсана тамашалады.





Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл концертте - Sting, Леонард Бернстайн, Карл Дженкинс, Андреа Бочелии, Zaz, Антонио Вивальди, Джеймс Ласт, Фредди Перрен, Раймонд Паулс сынды әлемдік композиторлардың  шығармалары үздік орындалды.
Концерт басталмас бұрын, өнер сүйер қауымды арнайы бағдарлама күтіп тұрды:музыкалық аспаптар және ұлттық әшекейлер көрмесі, шеберлік сағаттар, фотозона және ұлттық сусындар дәмі.





Концерт бағдарламасындаДжеймс Хорнердің «Титанигі»,Эдуард ди Капуаның «O sole mio», Андреа Бочелли - «Viva perlei», Леонард Бернстайн - «Мамбо», Zaz - «Je veux», Джеймс Ласт - «Одинокий пастух», АстерПьяцолло - «Либертанго», Фредди Перрен мен Дино Фекарис - «I will survive», Карл Дженкинкс - «Палладио»,Антонио Вивальди - «Лето, Гроза»және т.б. көптеген шығармалар орындалды. Сонымен қатар, белгілі жұлдыз Стингтің «Shape of my heart»өлеңін Халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсұлтан Шатырхан оркестрдің сүйемелдеуімен өте жоғары деңгейде орындап шықты.
Ауқымды іс-шараның дирижері –«Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы Оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген болды.



Тыңдарман халыққа жарасымды жұп болып танылған Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Мирас пен Құралай «Подмосковные вечера»және «Миллион алых роз»өлеңдерімен тәнті етсе, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым» әні мен «Болгарские розы» атты болгар халық өлеңін орындады. Сонымен қатар, белгілі композитор Сәтжан Шәменов оркестрмен Төлеген Мұхамеджановтың «Махаббат бекеті» композициясы мен Сүгірдің күйі «Ыңғай төкті» тамаша орындап шықты. «Оркестр түні» Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен аяқталды. Аншлагпен өткізген бұл концертте оркестр көрерменнің қошеметіне бөленді.



Атап өтерлік жайт, «Оркестр түні: Әлемдік хиттер» концерті Құрманғазы Оркестрінің 85 жылдық мерейтойы аясында болып өтті. 
Құрманғазы Оркестрі – Қазақстанның аспапты музыка өнерінің тарихында ойып орын алған, ұлттық музыка мәдениеті мен ұлттық аспап өнерін әлемге танытқан алғашқы және бірегей оркестр. Қазіргі таңда оркестрдің репертуарында 4000-нан астам шығармалар бар.


19.02.2019