Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен ардагерлер Кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагерін туған күнімен құттықтады


Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудан ардагерлер Кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Жанасов Жанша Жанасұлын 95 жасқа толған мерекесімен құттықтады.



Жанасов Ж.Ж. 1924 жылы 15 наурызда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1942 жылы 18 жасында  Совет Армиясының  құрамына еніп, Кеңес Одағының маршалы Г. Жуковтың басшылығымен Бірінші Белоруссиялық фронтының 3-ші шабуыл әскерінің құрамында атқыштар взводының қолбасшысы ретінде неміс басқыншыларымен шайқасқа тусті. Лейтенант Жанасов взводпен бүкіл Еуропада шайқасып, Берлинге жетті. Әсіресе Варшаваны босату және Берлин қаласын басып алу кезінде ерекше көзге түсті. Ол және оның взводы шабуыл жасайтын әскерлердің алдыңғы қатарында болып, ерлік пен батылдық көрсетті. Жанасов Ж.Ж. Берлинге жақын орналасқан Альт-Одер өзеніндегі аяусыз шайқаста ауыр жарақат алды. Неміс автоматының оғы тесіп өтседе, аман қалды. 
Батылдық пен ерлігі үшін, бірінші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», «Берлинді жаулап алған үшін» және «Варшаваны азат ету үшін»  медальдарымен марапатталды.
19.03.2019