Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі?


Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді.
Қор кімдерге көмек көрсетеді?
Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға.
Қандай көмек түрлері көрсетіледі?
Қор мынадай көмек түрлерін көрсетеді:
- Асыраушысынан айрылғанда 1 жылға дейін біреттік төлем беріледі;
- Ауыр сырқатқа ұшыраған кезде міндетті медициналық қызмет тізіміне енбейтін медициналық көмектің бірреттік төлемі;
- Жеке меншіктегі апатты үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін берілетін бірреттік төлем;
- Жарақат алғанда жұмыс істеу мүмкіндігінен айрылып, реаблитация кезіндегі ай сайынғы төлем;
- Азық-түлік сертификаттарын беру;
- Балалардың киімі мен аяқ киіміне сертификаттар беру;
- Балалар мен мүгедектер ата-аналарының тұрғын үйге бейімделуіне көмек көрсету;
Көмек алу үшін қандай құжаттар қажет?
- Жоғарыда аталған көмектердің кез-келгенін алу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: жазбаша өтініш, әрбір алушының жеке мәліметтерін жинау үшін келісім, ата- аналардың жеке куәліктері мен балалардың туу куәліктері, атаулы көмектің берілуі жөнінде аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің анықтамасы. Көмектің жекелеген түрлері бойынша кестеде көрсетілген қосымша құжаттар талап етіледі.
Құжаттар қайда тапсырылады?
- Сіз Алматы қаласындағы «Nur Otan» партиясының кез-келген филиалына тапсыра аласыз.
Аталған көмектер жиі көрсетілеме, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қор қанша мерзімге дейін көмектесе алады?
- Біз көмектің бір түрі бойынша бірреттік қолдау көрсетеміз. Қор ашық және тұрақты негізде жұмыс жасайды. Аталған шарттар бойынша біз жылдың соңына дейін құжаттар қабылдауды жоспарлаудамыз.
Егер отбасының тұрақты тіркеуі жоқ болса немесе уақытша тіркеуде тұрса ше?
- Мұндай жағдайда «Nur Otan» партиясының әр аудандағы Қоғамдық қабылдауындағы «бірыңғай әлдеуметтік терезеге» жүгінген жөн. Байланыс мәліметтерін партияның Nurotan.kz. спайтынан табуға болады.





Өз кезегінде «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қорының директоры Гульнас Ахметова азаматтар мен ұйымдар тарапынан жиналған қаржыдан атаулы көмекті беру үшін Әлеуметтік әл-ауқат қоры аудандық әкімдіктермен бірге кешенді скрининг ұйымдастыратынын, әр отбасын аралап шығатындықтарын айтты, осының негізінде көмекке зәрулердің базасы жасалады.
«Күні кеше ғана біз құны 11 млн. 400 мың теңге болатын азық-түлік кәрзеңкесінің 400 сертификатын және құны 10 млн. 800 мың теңге болатын балалар киімдерінің 200 сертификатын сатып алдық. Барлық шығындарды депутаттардан, қоғам белсенділерінен, блогерлерден және тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар өкілдерінен құралған қадағалау кеңесі жіті бақылайтын болады. Қордың қамқоршылар кеңесі әр жарты жыл сайын қайырымдылық бойынша іске асқан жобалар туралы көпшілік алдында есеп береді және ол қордың арнайы сайтында, басқа да бұқаралық ақпарат көздерінде жарияланады», - деп атап өтті Гульнас Ахметова.
Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына кешенді қолдау көрсетудің нақтылы мерзімі мен шараларын атап өткен еді, олар - жеңілдетілген ипотека, оқушылар мен студенттердің стипендиялары, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап тегін бала бақша, еңбекпен қамту, аналар Орталығын ашу және басқалары.
Жалпы, халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсету үшін биылғы жылы Алматыда қосымша 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінетін болады.


19.03.2019