2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2018

Алмалы ауданында Халықаралық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау күніне орай, іс-шаралар науқаны өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы жалпы білім беру ұйымдары атап айтқанда, мектептер мен жоғарғы және орта білім беру ұйымдары арасында  Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай, тарихи және мәдени ескерткіштер аумағында іс-шаралар өткізілді. Іс-шара ескерткіштер аумағын тазалаудан бастау алып, гүл шоқтары қойылып, оқушылар мен студенттер арасында әдеби оқылымдар өткізілді.



Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін тойлау тарихи мұраны қорғау туралы ойлануға ықпал етері сөзсіз.  Бұл мереке 1982 жылы ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен мәдени орындарды қорғау мәселелері бойынша кеңес Ассамблеясы (ICOMOS) арқылы пайда болып, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың мемлекеттік органдарының қызметкерлері, ғалымдар, сәулетшілер, реставрациялаушылардың бастамасын қолдаумен 1984 жылдың 18 сәуірінен бері тойланып келеді.



Әлемдік тарихи-мәдени мұра шексіз және оны түрлі халықтар көптеген ғасырлар бойы қалыптастырған.


19.04.2018