Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2017

Алмалы ауданындағы балаларға арналып мұражайға саяхат ұйымдастырылды


Жазғы демалыс уақытында демалыс орталықтарының мүшелері, аз қамтылған отбасы балалары мен ІІБ есебінде тұрған балалары үшін Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында 19-ғасырдың ортасындағы ғимаратта орналасқан Республикалық спорт және олимпиадалық даңқ мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
 



Мұражай ғимараты тұнып тұрған тарих – ол архитектуралық ескерткіш   (архитектор П. Гурдэ) және мемлекет  қорғауында, себебі бұл полковник Сапожниковтың жесірі тұрған, одан соң санитарлық-эпидемиологиялық станциясы бағбаны Татаринов тұрған үйі. Бүгінгі таңда мұражайда әлем, Еуропа чемпионаттарында, ірі халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар жеңіп алған кубоктар, медальдар, фотосуреттер мен өзге де құндылықтар сақтаулы.  



Мұражай жәдігерлері негізінен ҚазСТА-нің негізгі корпусындағы жоғарғы жетістіктері спортының жұмыс істеп тұрған мұражайы есебінен қалыптасса, сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру бойынша комитет, ҚР ҰОК, ЦСКА және «Динамо» спорттық ерікті қоғамдары, спорт түрлері бойынша федерация қол ұшын созған. Мұражайда  Еуропа чемпионаттарында, ірі халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар жеңіп алған кубоктар, медальдар, фотосуреттер мен өзге де құндылықтар сақтаулы. Ортаңғы орын - Атлантадағы (АҚШ) Олимпиада ойындарында  В. Жиров жеңіп алған және олимпиадалық циклдің үздік боксшысына берілген Баркер Кубогына берілген.  Қазіргі таңда Баркер Кубогы Қазақстан Президентінің Мұражайында сақтаулы. Спорттың ұлттық түрлерінің жәдігерлеріне арналған зал бар (ат спорты, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, т.б.).
 
Біздің анықтамалық
1999 жылы маусымда Спорт және дене шынықтыру комитеті Астанаға көшкен соң бос қалған ғимаратты Сейфуллин даңғылы, 551, Бөгенбай батыр көшесінің бұрышы мекенжайында орналасқан ҚР ҰОК алған ғимаратты Алматы қаласы әкімінің тіккелей қолдауымен мемлекеттік мүлік басқармасы Алматы терком шешімімен ҚР ҰОК иеленді, ол Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы (ҚазСТА) теңгеріміне берілді. Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 04.06.1999 жылғы №266 Бұйрығымен көрсетілген нысан базасында ҚазСТА құрамында (Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы президенті К.К. Закирьянов) Республикалық спорт және олимпиадалық даңқ мұражайы құрылды. 


19.06.2017