Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2016

Алмалы ауданы әкімі аппараты «Пеле: Аңыздың дүниеге келуі» атты көркем фильмнің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды


Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар жақында Алмалы ауданындағы «Заңғар ОӘД» LUMIERA Miniplex сауда үйінің ғимаратында ашылған жаңа кинокешенге бару мүмкіндігіне ие болды. 150-ден астам бала «Пеле: аңыздың дүниеге келуі» атты биографиялық көркем фильмді тамашалады. Шара ұйымдастырушылары: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы, «Заңғар ӘОД» басшылығы. 



Картина Пеленің балалық шағынан бастап, спортшы небәрі он жеті жаста ғана болған Швециядағы Әлем кубогының бірінші кезеіңндегі оның жеңісі туралы қамтыған. Футбол тарихындағы ұлы ойыншы Пеле туралы биографиялық драма залдағы ешкімді де бей-жай қалдырмады, балалар бразилиялық аяқдоп шеберінің өміріндегі әрбір қиындық пен сүрінген сәттерге бірге мұңайып, әр ұлы тұлғаның  артында ерен еңбек, темірдей қажыр мен өз күшіне деген үлкен сенімділік тұрады деген тұжырым жасады. 
Аталған шара балалардың жазғы уақытын дұрыс ұйымдастыру аясында және рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту, мәдениет пен өнерге деген құштарлықты ояту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бойында ұлтжандылық, бейбітсүйгіштік, ұлттық келісім, эстетикалық мәдениетті дамыту үшін өткізілді. 



Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында, еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты және Алматы қаласының 1000-жылдық мерекелері аясында өтетін аталмыш іс-шаралардың ерекше маңызға ие екендігін ескеру қажет. 
Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылуда. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер ауданның және қаламыздың кинотеатрларының қызықты жаңа көрсетілмдерін тамашалап, түрлі көптеген спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға шақырылуда. 

Анықтама
Алты залдан тұратын Lumiera Miniplex Алмалы ауданында 2016 жылы шілде айында ашылған. Жоба авторы – Atelier Achatz Architekten неміс сәулет бюросы. Кинотеатрдың ыңғайлы орналасқаны бір бөлек, оның тағы бір оңтайлы тұсы – қолжетімді бағасында болып отыр. Билеттің орташа құны – 1000 теңге.  




19.08.2016