Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2016

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» кітапханаларының «Алматы – оқырман қала» акциясы


«Мега» ойын-сауық орталығының алаңында Алматы қаласы күніне орай «Алматы – оқырман қала» атты акцияның ашылу салтанаты өтті. Мерекенің басты мақсаты-тұрғындарды кітап оқуға тарту, кітап, мәдениет, білімнің мәнін ұғындыру, әдебиетті көпшілік арасына таратуға септігін тигізу Шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі». Мереке «Нур Отан» партиясы мен Жазушылар Одағының өкілдерінің қатысуымен өтті.



Мерекелік шара барысында балалардың шығармашылық топтары, қалалық конкурстардың лауреаттары мен жас ақындар өнер көрсетті.
«Кітап патшалығына шақыру» библиодесанты, «Сыйлық ал» сияқты түрлі, қызықты конкурстар, шахмат турнирі, сұрақ-жауап ойындары өткізілді. Сонымен қатар, «Әдеби қонақ үйде» сүйікті ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Акция аясында  ғылымға қызығушыларға, полиглоттарға арналған шеберлік сағаттары өткізілді.



«Таң қаламын келбетіңе Ару қалам, Алматы!» атты жас суретшілердің конкурсы, «Алматы – ән – жыр - тарих», «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Тәуелсіздік шежіресі», «Сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмелері қойылып, жасөспірімдер мен балаларға арналған «Ақ желкен», «Үркер», «Балдырған», «Ұлан», «Мөлдір бұлақ» атты басылымдардың да көрмесі ұйымдастырылды.



«Сыйлыққа кітап ал» атты кітап лабиринті  және «Өзін оқы да-басқаға бер» атты буккроссингке 4000  кітап койылды, мерекенің соңында олардын бәрі оқуға ниет білдіргендерге таратылды.



Мереке  үлкен қызыгушылықпен өтті, оған 1500 адам қатысты. Акция туралы ақпараттық желілерде, жергілікті БАҚ жарияланды.


19.09.2016