Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2017

«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады


«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29қыркүйекте сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтетін Ашық есік күніне шақырады:
1. №1 бөлімшеАлматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»
2. №6 бөлімшеАлматы қ., Медеу ауданы, Толебаева, 38/61 көшесі, литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы)
3. №7 бөлімшеАлматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 153/1, (Әуезов көшесінің қиылысы)


Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:  
-белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар?
-2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
-ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
-шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
-қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
-зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
-зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
-зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.
Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар. 

enpf.kz

19.09.2017