Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2017

100 жылдық мерейтой


Алмалы ауданы әкімінің аппараты және облыстық ардагерлер кеңесі мен  № 134 лицей әкімшілігімен бірге Лизариди Ольга Пантелеевнаны 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мұндай оқиға әр адамның өміріндегі ең керемет жәйт деп айтуға болады, өйткені 100 жыл өмір сүру бұл 1 ғасыр өмір сүруді білдіреді.



Лизариди Ольга Пантелеевна - Алмалы ауданының ұзақ өмір сүрген құрметті тұрғыны. 1917 жылы 14 қазанда Краснодар өлкесінің Гельнен ауданы Просковьевка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Лизариди Ольга Пантелеевнаның  отбасын Кубаньға қоныс аударды, олар ауыл шаруашылық жұмыстарында және «Барлығы майдан үшін», «Бәрі жеңіс үшін» бөлімінде шаруашылықта жұмыс істеді. 1948 жылы оның отбасы Адыге ауданының «Хатукай» совхозынан. Солтүстік Осетия автономиялық Республикасының «Терек» совхозына көшірілді. 1958 жылдан бастап Алматыда тұрады. Жалғыз өмір сүреді. 4 медальмен марапатталған. Екі баланы тәрбиелеп өсірген.
Лизариди Ольга Пантелеевна - бір ғасырдың тірі тарихы және XX ғасырдың кез-келген тарихи оқиғасы туралы естеліктерін тыңдау біз үшін қуаныш және осы тарихи адамды осындай атаулы мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе.
Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 100 жасқа толған 8 ардагерлер тұрады. Алмалы ауданы әкімінің аппараты ардагерлерге қамқорлық көрсетіп, ерекше көңіл бөлуде.
Аталған бағыттағы іс-шаралар қазан айы бойы жүргізіледі.




19.10.2017