Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Алмалы ауданында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай « Бабадан аманат» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі басталды.



Фестивальдің ашылу салтанаты болып, мереке шымылдығын консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып берді.«Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойыныңЮНЕСКО-ның 2018-2019 жылдардағы атаулы күндер күнтізбесіне енгізілуіұлы баба мұрасының құндылығын әлем жұртшылығының мойындап, жоғары бағалағандығының белгісі екені аян. Біз үшін ол үлкен мәртебе. Осындай үлкен шараның аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалінің мәні, жастарға берерікөп деп санаймын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен биыл елімізде алғаш рет қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны, қазақтың күй өнерін жалпыұлттық деңгейде насихаттау және мәдени ұлттық бірлікті одан әрі нығайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 12 маусымындағы №699 Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітіліп, аталған мейрам республикамыздағы мерекелік күндердің тізбесіне енгізілген болатын. Бұл да біз үшін әрине өте қуантарлық жайт.
Бабалардан қалған мол рухани мұрамыздың бір парасы, ән-күйлеріміз бен жыр-термелерімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Сол қастерлі мұраны жоғары кәсіби деңгейде, уақыт талабына сай насихаттай білуіміз өте өзекті міндет.Қазіргі ақпараттық заманда жастарымыздың әртүрлі мәдениет ықпалында кетпей өз ұлттық мәдениетімізді, тәрбиеміздібойына сіңіруі үшін мұндай іс-шараларды көптеп ұйымдастыру маңызды. Өнер мерекесі құтты болсын!» - деп басшы сөзін түйіндеді.



Фестивальдің бірінші күніндегі дәстүрлі музыка кешіне Алмас Алматов, Сержан Шәкірат, Едіге Нәбиев, Қатимолла Бердіғалиев, Айтжан Тоқтаған сияқты аға буын орындаушылар қатысты. Өнер майталмандарына ықыласпен қошемет көрсеткен көрерменге лық толы залда ән мен күй, жыр, термелер салтанат құрды.
Сыр өңірінің жыршылық мектебінің осы замандағы бірегей өкілі, жырау Алмас АЛМАТОВ ағамыз фестиваль жайында Мынадай пікір білдірді:
«Дәстүр 1000 жылдық мәдениет 100 жылдық тарихымыздың бізге жеткен алтын арқау тілі,  олай болса өнер халықтың шежіре баяны. Өнердің түрлі бүгінгі жанрлық бағыттары бойынша дамып отырған жағдайында жоғарғы оқу орындарында кәсіби білікті маман есебінде дайындап отырған консерваторияың бұл жұмысқа мұрындық болуы заңдылық деп ойлаймын.
Өнер мұрагер ұрпақтары арқылы дәстүрлі сипатқа ие болады. Демек «аманат» деп отырғанымыз ол мұрагерлік. Аманат бұл атадан жеткен миллиондаған жол жыр мұрасы, жүздеген күй мұралары, бұл қала берді қазақ даласындағы батырлық эпостық жырлардың аманаты. Олай болса кез келген өнер өзінің мұрагер ұрпақтары арқылы ғана дәстүрлі күйге айналады дегеніміз сол. Аманат деген мұрагер ұрпақтың арқалаған жүгі, бұл болашаққа бастайтын жол «Рухани жаңғыру» ұлттық код деп жатқанымыздың барлығы осымен түйіседі. Әрбір күй, әрбір ән, әрбір жыр, толғау термелердің тарихы бұл ұлттың тарихы, халықтың тарихы. Сол дәуірдің философиялық ойлау зердесінен туындаған шығармашылық туынды деп қарау керек».



Күйші-ұстаз, зерттеуші ғалым, күй туралы бірнеше еңбектің авторы Айтжан ТОҚТАҒАНағамыздың өнер мерекесі туралы ойы былай болды:
«Қос қанатты қазақтың өнері әні мен күйі бүгін шарықтап  Алматыда бір үлкен әсермен басталып жатыр екен. Бастамаларың құтты болсын! Алматы қара шаңырақ консерватория қашанда өнердің ортасы, қашанда жаңалықтың басы, қашанда дәстүрлі нәрселердің бәрі осы қара шаңырақтан басталады. Соның айғағының бірі осы фестиваль болып отыр. Сахнаға кіріп келгендегі сахнаның безендірілуі, лайықталуы, қойылым заттары, дәстүрлі заттар осының бәрі адамға бірден дәстүрімізді еске түсіріп жылы көзқарас тудырады. Көптен бұл нәрсе болған жоқ еді. Біздің негізгі өнеріміз дәстүрлі өнер. Осыны жоғалтпасақ дұрыс боламыз. Осы жағдайда істеп жатқан істерін ұлы іс, үлкен іс. Болашағы зор болсын. Әрқашанда табыс тілейміз. Өсіп келе жатқан жастарымызды, керемет мықты-мықты күйшілерімізді, әншілерімізді көрсететін жер осы жер.
Аманат деген үлкен нәрсе. Бір кездерде осы Рысбай Ғабдиев, Мағауия Хамзин бар кезде осындай «аманат» деген концерт болған. Менің әлі есімде. Сонда  бір кішкентай мектеп балаларын әкеліп отырғызып, үлкен ақсақалдар ән айтып, күй  тартып кішкентай балаларға аманат етіп тапсырған. Сол жолды сіздер жалғастырып отырсыздар. Бұл  бір керемет нәрсе.  Соны бір тағы қайталап, тағы жаңғыртып отырсыздар. Жаңғыру кезеңі қазір.  Соған дәлме-дәл келіп отыр».


19.11.2018