2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2020

Ауданды көгалдандыру




Аумақты көгалдандыру-Алмалы ауданының дамуының басты бағыттарының бірі, мегаполистің даму ауқымын ескере отырып, экологиялық жағынан үлкен маңызы бар фактор.
Бүгін Алмалы ауданының әкімі Б. Н. Торғаев бейінді институттармен, қоғамдармен және әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылармен бірлесіп «Jasyl Almaty» жобасын жүзеге асыру аясында ауданды көгалдандырудың 3 жылдық жобасын іске асыру жоспары бойынша пікір алмасты.



Құрметті аудан тұрғындары және бей-жай қарамайтын азаматтар! Сізден аудан картасында көрсетілген жасыл желектерді отырғызу жоспарын талқылауға қатысуды сұраймыз (фото). Сіздердің әрқайсыңыз жаңа көшеттерді орналастыру бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар.



Өз ұсыныстарыңызды пікірлерге орналастыруға немесе Алмалы ауданының «Whatsapp» желісіне фото материалдары қоса тіркеп, 8708 683 02 94 нөмірі бойынша нақты мекен-жайын көрсете отырып жолдауға болады.
Әрбір ұсынысты біз жер учаскесіне меншік иесінің болуын, сондай-ақ ұсынылған отырғызу учаскесінің астында инженерлік коммуникациялардың болмауын тексереміз.


20.01.2020