Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.04.2015

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аясында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты «Ескерткіштерді бірге қорғайық» акциясын ұйымдастырып өткізді


Бұл мереке ЮНЕСКО-ның бастамасымен 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып белгіленген. Содан бері бұл күн халықаралық деңгейде аталып өтіп, осы салада еңбек етіп жүрген сәулетшілер, ғалымдар мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтірушілер, мәдениет саласының қызметкерлері аталмыш мереке арқылы ескерткіштерді сақтауға қоғам назарын аудартып келеді.

Әлемдік тарихи және мәдени мұра өте ауқымды және ол түрлі халықтардың арқасында ғасырлар бойына қалыптасып келеді. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін мерекелеу тарихи мұрамызды қорғап сақтау керектігін тағы бір ескертіп өтетіндей.

Осылайша, 18 сәуір күні Ә.Шәріпов атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің 5 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісімен бірге жазушы және қоғам қайраткері Сабыр Шәріпов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы танысты.

Осы акция шеңберінде ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, М.Ганди, М.Мақатаев ескерткіштері алдында оқулар өтті.

20.04.2015