Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.07.2015

Алмалы ауданының балалары мен жасөспірімдеріне арналған құммен сурет салу бойынша мастер-класс ұйымдастырылды


Алмалы ауданы әкімі аппаратының және Сэнд Про Алматы шығармашылық студиясының ұйымдастыруымен балаларға арналған құммен сурет салуды үйрету бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.

Құммен сурет салу - өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді.

Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы - шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады.

Құммен сурет салу - өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қия­лын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданының Білім беру бөлімі, «Нұр Отан» партиясың Алмалы аудандық бөлімшесі, Сэнд Про Алматы шығармашылық студиясының ұжымы.

20.07.2015