2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2015

Алмалы ауданында «Көркемсөз оқу шеберлері» атты байқауы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №4 Оқушылар үйінде «Көркемсөз оқу шеберлері» атты байқаудың аудандық кезеңіөтті.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу, сонымен қатар, көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту болып табылады.

3 кезеңнен (поэзия, проза және драма) тұратын сайысқа 15-30 жас аралығындағы 60 жуық азамат қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды: №36 гимназия мектебінің оқушысы Жақсылықов Әділжан Ғалымжанұлы, 2-ші орынды: Алматы қаржы-құқық колледжінің студенті Қарабеков Асыланбек Алмасбекұлы және 3-ші орынды №36 гимназия мектебінің мұғалімі Сұлтанқұлов Алтынбек Мырзатайұлы иеленді. 

Аталған жүлдегерлер ауданның атынан қалалық байқауға қатысады.


20.10.2015