Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2017

Алмалы ауданында Иван Ролдугиннің жеке көрмесінің ашылуы өтті


Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының орталық көрме залында (Желтоқсан 137, Жамбыл бұрышы) Иван Иванович Ролдугиннің жеке көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияда 140 көркемсурет туындысы ұсынылды.



И.И. Ролдугин өзінің негізгі ұстазы деп 19-шы ғасырдың көрнекі пейзажшылары И.И.Шишкин, А.И.Куинджи,  И.И.Левитан,  И.К Айвазовский және т.б. санайды. Оның жанына және көркемсурет өнерінің реалистік тәсіліне заманауи суретшілер: В.Яковлев,  А.Лактионов,  Б.Щербаков,  А Шиловтың шығармашылығы жақын болды.



Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі ботаник, ақын әрі суретші Ролдугин И.И.23 үкіметтік марапаттармен марапатталған. Олардың арасында: «Ұлы Отан соғысының төсбелгісі» (2-ші дәрежелі), «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңісі үшін», «Жапониядағы жеңісі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. Ол 200 ғылым жұмыс, арнайы, ғылыми-танымдық кітаптар жазған, оның: «Естен кетпес», «Өмір белестерімен»,  «Алыс және жақын», т.б. өлең жинақтарын шығарған. Май, акварельмен салған 500-ден астам көрме, 100-ден астам графикалық жұмыстарын ұйымдастырған.



Мамандығы ботаник болғанымен, табиғатында ақын, Қазақстанның табиғи ортасы мен өсімдіктерінің зерттеушісі табиғи орындар мен қорықтардың сұлулығы мен әртүрлілігіне таңқалып қана қоймай, бірнеше еңбектерін арнады. Әрине, әр ыңғайы түскен сәтте және кез келген қолы бос кезде қарындаш пен қылқаламын қолына алды. Оның барлық жұмыстары дерлік оның қазақстандық ландшафтардың ерекшелігі мен сұлулығына деген сөз жетпес әсерінен туындады.



Алғашқы пейзаждық жұмыстары кең кеңістік және болашаққа көз тігу, жылулық пен өзгеше махаббатпен орындалды. Соның ішінде: «Сұңқардағы алғашқы қар», «Шынар», «Таудағы күшті жел», «Көктеректі тоғай сарғайғанда» атты еңбектерін атауға болады. «Құмды шөлдегі толқынды «теңіз» деген атауының өзі неге тұрады.



Әсіресе, ару қала – Алматыға арнаған: «Көне оранжерея», «Кіші Алматы алқабы», «Бүлдірген дауыс», «Ақсай шатқалы», т.б. ерекше атап өткен жөн.
   


24.01.2017