Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2018

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Естенов Жасұланның тұрғындар алдында есептік кездесуі № 18 жалпы білім беру мектебінде өтті


Кездесуге қалалық басқарма басшылары, аудандық құрылымдық бөлім басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, №3 округ бойынша қалалық мәслихат депутаты Артур Котенев, ПИК, Өзін – өзі басқару комитеті  төрағалары, және аудан тұрғындары қатысты.



Есептік кездесуге жиналғандар алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша  есеп берген аудан әкімі Жасұлан Естенов аудандағы көріктендіруге жауап беретін маңызды саланың жұмысын айрықша атап өтті. 2017 жылы алып шаһарымызда оның ішінде Алмалы ауданында дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобалары  жүзеге асырылды.
Бұл бағытта Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелерінде және Астана алаңында жаяу жүргіншілер аймағына көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Ағаштар отырғызылды, жаңа субұрқақтар орнатылды, балалар ойын кешендері және кіші сәулеттік нысандар орнатылды. Жібек жолы көшесінің бойында тегін мұз алаңы ашылды.



Байсейітова, Қарасай батыр көшесі мен «Тастақ» ықшамауданындағы Дүйсенов көшелері жаяу жүргіншілер аймағы жөндеу жұмыстарынан кейін көпшіліктің демалуына сүйікті орындарына айналды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Биокомбинат», «Сиреневый» саябақтары ағымдағы жөндеуден өткізілді.   



Сонымен қатар, ауданда орналасқан 11 саябаққа мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар, тактильді тақталар, мүгедектерге арналған белгілер, жалпы бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 3 инклюзивтік ойын алаңдары орнатылды.



Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның заңды тұлғалары аумақтарды көгалдандыру және гүлмен безендіру жұмыстарын жүргізді (Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін Абылай хан даңғылының батыс бөлігі; «Сиреневый» саябағында; Лермонтов атындағы театр аймағы). 



Жалпы көлемі 15,7 км. құрайтын 12 мекен-жай бойынша көшелердің және жалпы көлемі 16,7 км. құрайтын 19 жаяу жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50 көшенің ағымдағы жөндеуі аяқталды. Қазіргі таңда ұзындығы 7,8 км. құрайтын арық желілері мен су канализацияларында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Аудан аумағының санитарлық тазалығы мен көріктендіруі мәселелеріне басты назар аударылады. Аудандық «Алматы Тазалық» МКМ учаскесі бойынша 16 бірлік жаңа техника сатып алынып, қосымша 300 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Ауданда 206 ПИК  қызмет көрсететін 1 409 көпқабатты және 3495 жекеменшік жер үйлер орналасқан.



Жиынның ресми бөлімінен кейін тұрғындар мен атқарушы органдар арасындағы сындарлы диалог түрінде тұрғындарға қатысты мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы мәселелер, жақсарту, ҚСҚ қызметі және Алмалы ауданын одан әрі дамыту.



Аудан әкімі барлық сұрақтарға құзыретті және жан-жақты жауаптар берді, сонымен қатар тұрғындармен көктерілген кейбір сұрақтар  аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


20.01.2018