Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2019

Алмалы ауданында «20 жақсы іс» акциясы аясында «Донор күні» өтті


Алмалы ауданы әкімінің аппаратында Алматы қаласы Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырған өтеусіз қан донорлығы акциясы өтті. 





Акцияның мақсаты-донорлықты дәріптеу, тұрақты ерікті өтеусіз донорлардың санын арттыру. Акция бес сағатқа созылып, осы уақыт ішінде 40-тан астам мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері донор болып үлгерді. 





Бір донордың қаны үш адамның өмірін құтқара алады және көптеген науқастар үшін донорлардың қаны – аман қалып сауығудың жалғыз мүмкіндігі. Қан тапсыру арқылы донор рухани қанағаттану мен қатар, ағзаның физикалық жақсаруына ие болады, өйткені қан тапсыру жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу үшін пайдалы, сондай-ақ бүкіл ағзаның өзін-өзі жаңартуына ықпал етеді. Қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылған шараға қатысушылар жақсы көңіл-күймен қайтты.
20.03.2019