Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.04.2018

Алматы қаласы Алмалы ауданында «Fiestalonia Almaty-2018» халықаралық байқауы болып өтті


«Fiestalonia Almaty-2018» халықаралық шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Алмалы ауданында өткен  аталмыш байқау – фестивалдық қозғалыстың еуропалық көшбасшысы Fiestalonia Milenio (Испания) ұйымдастырған өнер бәйгелерінің бірі. Бұл ұйымдастырушының дипломдары мен марапаттарын бүкіл әлемде жетекші халықаралық федерациялар, сондай-ақ, мемлекеттік ресми құрылымдар мойындаған.



Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Халықаралық FIESTALONIA-ALMATY балалар және жасөспірімдер өнерінің фестиваль-байқауы ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында ауданда «Танысу, Сан Марино-Алматы» және «FIESTALONIA ALMATY» халықаралық фестиваль-байқаулары аталып өтті.   



Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аралығында П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде FIESTALONIA ALMATYхалықаралық байқауы өтіп, «Қазақконцерт» залында думанды гала концертпен аяқталды.
Аталмыш байқаудың ұйымдастырған Европаның беделді фестиваль-байқаулар комитеті - FIESTALONIA MILENIO және Алмалы ауданы әкімінің аппараты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Испания корольдігінің елішілігі мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласы Білім басқармасының, Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен.
Аталмыш байқаудың басты мақсаты Қазақстаның рухани қазыналы мәдениетін халықаралық деңгейде дамыта түсу болып табылады. Жыл сайын өтетін FIESTALONIAALMATYбайқауы көптеген талантты жастарды, бишілерді, әншілерді жинап, қатысушылардың да, көрермендердің де табандылық қасиеттері мен патриоттық рухтарын қалыптастыра білетін іс-шаралардың бірі.



Атап айтсақ, аталмыш халықаралық байқау Алматы қаласында биыл төртінші мәрте ұйымдастырылды. Жыл сайын бұл байқау аудиториясын кеңейтіп, ауқымды көлемде орын табуда. Қатысушыларға теңдесі жоқ тәжіребие беретін бұл байқау, түрлі елден жиналатын балалар мен жастардың достық қатынастарын нығайтып, шығармашылық талаптарын өркендететін ошаққа айналды. FIESTALONIAALMATY барлық қатысушыларға өз таланттарын көрсетіп, ұлттық мәдениетін таныстыруға мүмкіндік берді.
Биылғы жылы байқау аясында Мюзикл және қазақ ұлттық киімінің театралды көрсетілімі секілді жаңа жанрлар орын алды. Ал балалар би ұжымдары түрлі киім үлгілері мен жарқын костюмдарымен көрермендерді таң қалдырды. Ташкент қаласынан келген Ниетуллаева Азиза өзбек ұлттық альта дутар аспабында паш етіп, Гран При жеңімпазы атанды. Вокал жанрында жеңімпаз атанып, Алматы қаласынан өнерін паш еткен -  Грибцова Наталья. Көрермендердің көзайымына айналып, «Рондо» шығармасын орындаған К.Байсеитов атындағы арнайы мектеп оқушысы Үмбетияр Іңкәр «аспаты музыкалық өнер» номинациясында 1 орынды иеленді.



Байқаудың барлық қатысушылары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, Гран При кубоктарымен және арнайы сыйақылармен марапатталды.
Ал әділ-қазылар алқасы құрамында Ресейдің көшбасшы өнер ордаларының профессорлары және халықаралық байқаулардың лауреаттары Грибкова Ольга мен Браздникова Наталья, сондай-ақ, Испаниядан келген «Fiestalonia Milenio» ұйымдастыру комитеті мамандары мүшелікетті.



20.04.2018