Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2017

Алмалы ауданында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді


«Медицина қызметкерлері» күніне орай, Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов, аудандағы медицина мекемелерінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде, барлық  дәрігерлер өмірін адам денсаулығына қызмет етуге арнайтынын және оларға құрмет пен ізет көрсетілетінін, сондай-ақ, ақ халатты абзал жандарға адамдар ең қымбаты - денсаулықтарын және жақындарының денсаулықтарын сеніп тапсыратынын, бұл үлкен жауапкершілік екенін атап көрсетті. Аудан әкімі сөз соңында, барлық ақ халатты абзал жандарға еңбектерінің жемісін көруге, жылулық және өз орталарында түсіністік және мықты денсаулық тіледі. 


Дәрігерлер мен медбикелердің денсаулық сақтау саласындағы орасан зор еңбектері Алмалы ауданы әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, медицина саласының ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлеріне М. Лермoнтов, Ғ.Мүсірепов атындағы театрларға шақыру билеттері ұсынылды. Бүгінгі таңда, Алматы қаласы бойынша ең көлемді жоғары мамандандырылған денсаулық мекемелері яғни Алмалы ауданында 17 қалалық денсаулық сақтау мекемелері, 9 республикалық денсаулық мекемелері, 2 жоғарғы оқу орындары орналасқан. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен парасаттылық тілеймін!


20.06.2017