Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.07.2017

«Rixos Almaty» қонақ үйінде Алмалы ауданының «Қызмет және қызмет көрсету» екінші инвестициалық форумы өтті


«Rixos Almaty» қонақ үйінде өткен екінші инновациялық форум жұмысына  Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естенов, франчайзинг Ассоциациясының жетекшісі  Бекнур Кисиков, Rumi Group басқармашысы Қуаныш Шонбай Панфилов көшесін қайта жаңғырту жобасының авторы жобалау тобының жетекшісі Вероника Кизиева,«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен   жақын шет ел инвесторлары, Алмалы ауданының бизнес-қауымдастығы, сондай ақ  кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.Форум модераторы-Арсен Насырханов.



Қаламыздың  негізгі   капиталына құйылатын инвеститция нысандары бойынша Алмалы ауданы   алдынғы қатарда  келе жатқан аудан.  Алматы-2020 Бағадрамасының ең басты артықшылықтарының бірі бірегей қаламыздың дамуы және Алматы қаласының әр аудан өзінше ерекшелігі.213,5 мың  тұрғыны бар Алмалы ауданы шаһарымыздың  тарихи экономикалық-мәдени орталығы,бүгінгі таңдағы дамып келе жатқан қаламыздың басты сегменті. Мұнда білімжәне медицина орталықтары,тұрғындардың уақыттарын тиімді өткізетін мәдени орталықтар орыналасқан.Осылардың барлығы Алмалы ауданы тұрғын үй құрылысы,кеңселер,мейрамханалар мен сауда нысандар  ашыуға әуелетті инвестиция.



Инвестициалық форум – бұл ауданның атқарушы органдар мен бизнес қауымдастықтарымен арасындағы ынтымақтастық. Инвестиция мен инновациялық заманауи экономиканы қалыптастыратын, жаңа ойлар ашатын  Алматы қаласын дамыту ауқымды жоспар аясында Алмалы ауданы әлеуметтік-экономикалық және әкімшіліктік мәдени саласында жаңашылықтар ашуда көшбастаушы болуы тиіс.



Форум барысында Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естенов  «Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы»: «Біздіңміндетіміз- ауданымыздың тұрғындары мен туристердің өмір сүруіне жағымды жағдай жасап,ауданды аббаттандыруға бар күшімізді салу. Қазіргі таңда ауданда даттық архитектор Ян Гейл өз жобасын «Адамдарға арналғанқала» жүзеге асыру жұмыстары басталып та кетті. Қазір Панфилов, Жібек Жолы, Гоголя, Қабанбай батыр көшелері мен  «Астана» алаңын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.Болашақта «Арбат» қайта жаңа келбетке енеді,аталған көшелер бойынша тұрғындар мен қонақтар жаяу жүріп демалыуға орындар мен субұрқақтар, спорттық ойын алаңдары пайда болады.
«Астана« алаңында қосымша жас көшеттер отырғызту жоспарланып,жаңа екі субұрқақ ашылатын болады.Осы жұмыстар аяқталғанан кейін Алмалы ауданының инвестициясы одан ары тартымды болатыны хақ.2017 ағымдық жылы бөлшек сауда айналымы 165,8 млрд.теңге,көтерме сауда айналымы 899,6 млрд теңгеге жетті.Ауданда 14 ірі сауда нысандары өз қызметтерін атқарады: «Глобус», «Мегапарк», «Silk Way City», «City center», «Рамстор Тастак»сияқты Сауа үйлері, «Столичный», «Юбилейный гастрономы.Қазіргі уақыттағы экономикалық қиын жағдайға қарамастан ауданда бизнестің жаңа нысандары ашылуда.



Ағымдағы жылдың наурыз айында аудан және қала тұрғындарына «Юбилейный» гастрономы өзінің есігін ашты.Аталған дүкен алдында субұрқақ пен демалыс орындықтары орналасқан үлкен демалу алаңы салынды. Инвестиция сомасы 250 млн.теңгені құрады, 500 жұмыс орындары қалпына келтірілді. Осылайша осы жылы екі үлкен сауда нысандары ашылғалы тұр.Ол 42 630 ш.м «Абылайхан Плаза» (Абылайхан даң,53)әкімшіліктік кешен оған салынған инвестиция 12 млрд,теңгені құрады,  құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2017 жылы қараша айына жоспарланып отыр.Келесі 96 468 ш.м «Жібек жолы» құрылыс - сауда орталығы (Жібек жолы көш,135\10а),салынған инвестиция 12,2 млрд.теңге, еске қосылу уақыты 2017 қараша айы.



Алмалы ауданы инвестициялық тартымдылығын маңызды фактордың бірі жаңа тұрғын үй ғимараттар мен бизнес-орталықтар салу үшін жер телімдерінің барлығы.Ауданда тұрғын үй немесе бизнес орталықтарын салуға  23  бос жер телімдері бар.Сондай ақ алты құрылысы аяқтталмаған нысандар бар. Біз осы нысандарға екіжақты ынтымақтастық білдіре отырып инвестиция тартуымызға болады.Ауданда сонымен қатар 133 тозығы жеткен тұрғын үйлер бар,қазіргі таңда қаламызда тозығы жеткен үйлерді бұзу бағдарламасы жүзеге асырылуда,осылайша кәсіпкерлер өз ұсыныстарымен аталған бағдарламаға қатыса алады.Айта кету керек қаламыздың орталығында бос жер телімдері жоқтың қасы. Ал аталған бағдарламаға қатысу бизнесмендерге жаңа әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді»,-деп сөзін аяқтаған аудан әкімі Жасулан Токкожаұлы жыл сайын ауданда өтетін «Алмалы инвест»  инвестициялық форму кәсіпкерлер мен бизнесмендерге берілген үлкен мүмкіндік деп атап өтті.



Сонымен қатар «Алмалы инвест» форум алаңында Бекнур Кисиков, Қауныш Шонбай, Вероника Кизиев және тағы басқаралр сөз алып ойларымен бөлісті.Ойларымен бөлісу кездесуінде тек ауданымыздың ғана емес сондай ақ қаламыздың да дамуына үлкен үлес қосатын ойлар талқыланып ортаға салынды. Алмалы ауданы инвестициялық форумы- бұл болашақта қосымша инвестиция тартатын бизнесті кеңейту мен болашақ жобаларды іске асыруға және іскерлік байланысты орнатауға арналғаг үлкен  мүмкіндік.
20.07.2017