Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2016

Мақсат Қаңтарбаевтың «Туған өлке» атты көрмесі


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Суретшілер одағының галереясында Мақсат Қаңтарбаевтың «Туған өлке» атты жеке көрмесі ашылды. Жобаны ұсынған Суретшілер одағы галереясы мен «Ұлар» арт-агенттігі. Мақсат Қаңтарбаев өз шығармашылығында пейзажға басымдық беріп, урбандалу қатты дамыған, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірілген ғасырда аталған жанрдың ерекше өзектілігін ашады. Суретшінің өз түстік менюі бар, түс түрлерінде ашық көркем дақтар басым. Кенептің өзгешелігін ерекше қабылдау көркем бояу түсірудің интуитивтік деңгейде жасалған екпінді нәтиже ретінде айшық береді.



Қаңтарбаев Мақсат 1962 жылы Жамбылда дүниеге келген. 1988 жылы ҚазПИ КГФ тәмамдаған. Өзі туған өлке Жамбыл облысы Луговой ауылында көркемсурет мектебін ашқан. 2013-2014 жж. Алматы қ. «Шаршы» орталық көрме залында көрмеге қатысқан. 2015 ж. Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталған. 2016 ж. Қаңтарбаев Мақсаттың Талдықорған қаласындағы көрме залында жеке көрмесі өтті.  Тараз қалалық әкімдігінің мәдениет бөлімінің алғыс хатымен марапатталған. Туындылары Астана, Тараз, Алматы мен Талдықорған қалаларындағы жеке коллекция мен мұражайларда тұр. Көрменің есігі  2016 жылғы 31 қазанға дейін келем деушілерге айқара ашық! 


20.10.2016