Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2017

Алмалы ауданында Діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығы директорымен кездесу өтті


Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім басшысы Ералиева Гүлмираның төрағалық етуімен, бөлімнің бас мамандарының қатысуымен «Шаңырақ» Діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығы директоры М.М. Мадияровпен «Діни экстремизмге қарсы іс-шаралар туралы сұрақтарға түсіндіру» тақырыбына байланысты кездесу өтті.



Басында Гүлмира Мұратқызы деструктивтік діни ағымдарға қарсы әрекеттердің маңыздылығын атап, Діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығы директоры Мадияров Мархат Мұратұлын таныстырды.



Содан кейін Мархат Мұратұлы қоғамдық орындарда деструктивті діни ағымдардың өкілдерін анықтау жайындағы көкейкесті сұрақтарға түсіндірулер айтып, жауаптар берді.
ҚР аумағында тиым салынған Таблиғи жамағат, Хизб ут тахрир сияқты және басқа да діни ағымдар жөнінде әңгімеледі. Вахабиттердің, такфиристердің, салафиттердің, мадхалиттердің және басқа да ағымдардың идеологиясын ашып айтты, олардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастары мен басқа адамдарға көз қарастары жайында түсіндірді. Радикалдық мұсылман ағым өкілдерінің киім киістері, өз араларында қандай лексикон сөздерді қолданумен сөйлейтіндері туралы айтты. Соңында Мадияров М.М. жиналғандардың сұрақтарына жауаптар берді. Барлық жиналғандар осы кездесудің нәтижесі пайдалы болғаны жөнінде ойларын білдірді.


20.11.2017