Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.12.2018

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында Алмалы ауданында 150 орындық жаңа балабақша ашылды


Алмалы ауданы, Грановский көшесі, 32 мекен-жайында 150 орындық жаңа «Инкар» балабақшасы ашылды. Бала бақшаның құрылтайшысы жалпы инвестиция сомасы 40 млн. теңге және жиырма жұмыс орнын құрумен ЖШС «Кокжиек Алима Kids» болып табылады.





«Инкар» мектепке дейінгі балалар мекемесі 2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды және мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Білім беру үдерісі персептивті жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Балалардың дамуын және оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бақылау мақсатында әр түрлі жас кезеңдерінде мониторинг жүргізіледі.



Сонымен қатар, оқыту құнына кіретін қосымша сабақтар ретінде балалардың ой-өрісін, сөйлеуін, жадысын, математикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлі заманауи әдістер бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ, Мектепке дейінгі балалар мекемесінің базасында шахмат, бейнелеу өнері, ағылшын тілі, менталдық арифметика бойынша қосымша секциялар мен сөйлеуді дамыту, суперпамяти, үлкен және ұсақ қол моторикасы бойынша үйірмелер жұмыс істейді.





Серуендеуге арналған аумақ, дене шынықтырумен айналысуға арналған үй-жай, сондай-ақ салтанатты іс-шараларды өткізу заманауи жабдықтармен жабдықталған, әдемі және жайлы топтарда балалар өздерін үй ретінде сезінеді.





Алмалы ауданында 7916 баланы қамтитын 94 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: мемлекеттік балабақшалар – 26, жеке балабақшалар-13, жеке шағын орталықтар - 64.Ағымдағы жылдың басынан ауданның жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту есебінен 22 шағын орталық және 296 баланы қамтитын бір балабақша ашылды. Жаңа мектепке дейінгі мекемелерді салу үшін мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында инвесторлар тартылуда, қазіргі уақытта Родостовец көшесі, 38 мекен-жайы бойынша №18 гимназия аумағында 120 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. 
19.12.2018