2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2020

Алматы Сән және дизайн колледжінің шеберлері Мәскеудегі «Этно-Эрато-2019» ұлттық киімдер байқауында топ жарды.


Ресей астанасы Мәскеуде ұлттық костюмдердің «Этно-Эрато» Еуразиялық Жоғарғы сән байқауы жобасының мақсаты- Еуразиялық бірлікті одан әрі нығайту, этно-мәдени қоғамдық бірлестіктердің этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастығын дамыту, Еуразия халықтарының мәдениетін өзара байыту, олардың өзіндік ұлттық ерекшелігін, мәдени және тарихи мұраны сақтау және насихаттау болып табылады. 





Сән және дизайн колледжінің студенттері мен ұстаздары атқарған осы жұмыстар елімізде өріс алып отырған «Рухани жаңғыру» идеяларын іспен нақтылаудың, жүзіне асырудың үздік үлгісі болды.



Байқауға коллекция авторлары: Балжан Оспанова, Жәмиля Нұрманова, Балауса Рауанова, Ақтолқын Бекмұратованың үлгілері ұсынылды. 



Бірлесе атқарған еңбектерінің нәтижесінде идеялар нақты іске айналып, замануи дизайнмен сәні үйлестік тапқан үздік үлгілер ұлттық мәдениетті бүгінгі заман талабына сай паш етіп қана қомай, әділ қазылардың жоғарғы бағасын алды. «Этно-элементтер» номинациясы бойынша «Aiqyz» коллекциясы II орынды, «Шығыс» номинациясы бойынша «Omirkul» коллекциясы III орынды иеленіп, елге жеңіспен оралды.


22.01.2020