Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2015

Алмалы ауданында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы өтті


1 тамызда басталған жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы биылғы жылы «Балаларға бірге көмек көрсетейік!» ұранымен өтуде.

Алмалы ауданында 4 және одан да көп баласы бар 665 жанұя, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап жатқан 562 жанұя бар. Жағдайы төмен 94 жанұяда 112 бала тәрбиеленуде.

Акцияның мақсаты - аз қаматмасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылы басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік мәселелер бойынша балалардың мектепке келмеуін ескерту.

Іс-шара барысында 60 балаға мектеп бұйымдары тапсырылды.

Сонымен қатар, осындай игі іс-шаралар жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясының аясында тамыз айының басынан «Vision», «На100%ящий мед» компаниясы, "Будущее в руках молодежи" ҚҚ, демеушілік қолдауларымен ауданның 500-ге жуық бүлдіршіндеріне арналған көмек көрсетілді.

Ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімі аппараты, «Союз многодетных матерей» ҚБ, "DOTS SUPPLIES" ЖШС.

21.08.2015