Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2015

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті


Конференцияны «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалының төрағасы, Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов ашып, жүргізді.

Конференция барысында ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындаудағы бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен міндеттері талқыланып, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының XVІІ кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

«Елбасымыздың экономикалық қиындықтарды еңсеруге және мемлекетіміздің ары қарай дамуына арналған стратегиялық құжаттарын жүзеге асырып, партиялық басымдықтарды толығымен орындау біздердің, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің басты міндеті» - деп атап өтті өз сөзінде Алмалы аудандық филиалының төрағасы Серік Құсайынов.

Конференцияның жұмысына партияның қалалық және аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, Алматы қаласы мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері қатысты.

21.08.2015