2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2015

Алмалы ауданының қарттары «Менің Алматым – менің тарихым» атты көрмесін тамашалады


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қолдауымен 1990 жылдан бастап, бүкіл әлемде «Халықаралық қарттар күні» ретінде қазан айының 1-ші күні белгіленді және содан бері жыл сайын аталып  өтіледі. Жалпы, қазан айы – қарттарға қамқорлық көрсету айы. Қарттар айына орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. 

Солардыңбіріағымдағыжылдың21-шіқазанында аудан қарттарына арналған «Менің Алматым – менің тарихым» атты халықаралықАлматы қаласы тарихының музейі мен «SPACE Multimedia» галереясының  ұйымдастырумен алғашқы бірлескен жобасы аясындағы көрмеге тамашалауұйымдастырылды. 

Көрме барысында құрметті қарттарға Алматы қаласы тарихының музейі қорындағы 35 мыңнан астам рухани мәдени және материалдық ескерткіштер жинағынан құралған жәдігерлер көрсетілді. Көрме негізінен Алматы қаласы мен Жетісу аймағының ежелгі кезеңі мен қазіргі уақытқа дейінгі аралығын қамтитын  бірігей фотосуреттерден тұрады. 

«Менің Алматым – менің тарихым» атты көрменің мақсаты: қала туралы білімімізді насихаттау, өзіміз тұрып жатқан қаламызға деген сүйіспеншілігімізбен, мақтанышымызды арттыру, мегаполистің өткені мен болашағына құрметпен қарау. Қаламыздың даму тарихындағы фотосуреттерде заманның маңызды оқиғалары мен тарихи деректері айқын көрініс тапқан. Көрмеде қаланың қоғамдық – саяси және мәдени өмірі, өнеркәсіптің дамуы, қалақұрылысы жеке топтамамен көрестілген. Алматы қаласы тарихының музейі қорынан және «Энциклопедия Алматы» web-порталынан алынған бірегей мультимедиялық көрсетілім –  қала тарихына арналған шынайы танымдық-ақпараттық сабақ.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы,Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Ақ ниет» АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясы, Алматы қаласы тарихының мұражайымен «SPACE Multimedia» галереясы.


21.10.2015