Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Бекқали Торғаевтің тұрғындар алдында есептік кездесуі № 18 жалпы білім беру мектебінде өтті


Кезедсуге қалалық басқарма басшылары, аудандық құрылымдық бөлім басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ПИК , Өзін – өзі басқару комитеті  төрағалары, және аудан тұрғындары қатысты.



Есептік кездесуге жиналғандар алдында ауданның әлеуметті-экономикалық дамуына қорытындысен есеп берген аудан әкімі Бекқали Торғаев аудандағы көріктендіруге жауап беретін маңызды саланың жұмысын айрықша атап өтті.  Сонымен, бюджет қаражаты есебінен бекітілген кестеге сәйкес аудан аумағында күн сайын 186,8 км.автомобиль жолдары, 212,2 км. тротуарлар және 175,2 км. арық желілері тазаланды.  Қоқыс жинаумен «Тәртіп» АҚ айналысады. Аудан бойынша 269 контейнерлік алаң орналасқан, оның 166-і жөнделді. Контейнерлер саны-1442, оның ішінде жаңа 380 данаға ауыстырылды және 100 контейнерге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 


2018 жылы ЖҚ шығыс жағалауына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жалпы сомасы 176 млн.тг. Ағаштарды санитарлық кесу және аумақты абаттандыру, сыртқы жарықтандыру тіректерін, орындықтарды, урналарды, Спорт және волейбол алаңдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 



Саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның аясында асфальт жабыны жаңартылды, суару жүйесіне жөндеу жүргізілді, брусчатка салынды, орындықтар, урналар, күркелер ауыстырылды, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдары жабдықталды, көгалдар егілді және иттерді серуендетуге арналған орын салынды.
Жайлылық пен қауіпсіздікті құру мақсатында 2018 жылы 11 жер асты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді, онда барлық сауда нүктелері бөлшектелді, әрі қарай қазіргі заманғы жарықдиодты жарықтандыру, музыкалық сүйемелдеу, бейнебақылау камералары орнатылды, сонымен қатар 5 өтпеде қоғамдық дәретханалар қалпына келтірілді.





Арық желілері мен өткелдерді ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2018 жылы 7,9 км жөнделді, биылғы жылы 24,9 км арық желілерін жөндеу жұмыстары жалғастырылды.
Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жол және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.



Жалпы ұзындығы 18,3 км 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары және жалпы ұзындығы 7,5 км 13 мекен-жай бойынша тротуарларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Жаяу жүргіншілердің жайлы пайдалануына баса назар аудара отырып, қаланы қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданның жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта құру аясында дат сәулетшісі Яна Гейл қағидаттарының негізінде Абай, Назарбаев, Абылай хан және Әйтеке би даңғылдары (Наурызбай батыр көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін) жайластырылды.  





Жиынның ресми бөлімінен кейін тұрғындар мен атқарушы органдар арасындағы сындарлы диалог түрінде тұрғындарға қатысты мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы мәселелер, жақсарту, ҚСҚ қызметі және Алмалы ауданын одан әрі дамыту.
Аудан әкімі барлық сұрақтарға құзыретті және жан-жақты жауаптар берді, сонымен қатар тұрғындармен көктерілген кейбір сұрақтар  аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


21.01.2019