Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2017

Алмалы ауданында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру аясында кездесулер өтті


Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында  Алматы қаласының имамдары мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Кулекеевтің кездесуі өтті. 



Кездесу барысында Бақытжан Кеңесұлы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі бағыттырын түсіндірді. Сондай-ақ, Бақытжан Кулекеев діни сауаттылық – заман талабы екенін айта отырып, жастардың діни сауаттылығына ерекше мән беріп, тиісті шаралар қабылдау керектігін жеткізді.



Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында бизнес қоғамдастық өкілдерімен ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржованың кездесуі өтті. Наталья Коржова өз мәлімдемесінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі бес бағыты бойынша және бизнес саласымен байланыстыра отырып түсіндіріп өтті.



Сонымен қатар, Наталья Артемовна негізгі мақсаты ақша-кредит саясатының ынталандыру рөлін қалпына келтіру және экономиканы қаржыландыруға жеке капиталдарды тарту болып табылатынын атап өтті. Қатысушыларды заңдар мен стратегиялық құжаттарды талқылауға белсенді түрде қатысуға, заңнаманы зерделеу мен мемлекет ұсынып отырған қызметтерді пайдалануға шақырды. Шара барысында Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржоваға ҚР Салық кодексі мен уақытша тіркеуге тұру жайында сұрақтар қойылды.












21.02.2017