Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.04.2017

Алмалы ауданында Евгений Фридлиннің «Голландиялық бағдарлар» картинасының көрмесі ашылды


Алматы, Амстердам, Роттердам, Гаага мен Еуропаның басқа да қазыналарының сұлулығы бейнеленген туындыларды «Ұлар» галереясынан көруге болады. Көрме 10.05.2017 дейін болады. 



Евгений Фридлиннің есімі өнерсүйер қауымға етене таныс.Оның көрмесі тек ұсынылған материал арқылы ғана күшті әсер туғызып қоймай, суретшінің көптеген жұмыстары мұнда жыл сайын қатары артып келе жатқан нағыз шеберлік пен дарынын бағалаушыларды баурап алады. Павлодарлық импрессионистің салған суретіне қазақстандық және еуропалық коллекция жинаушылар қол жеткізуді қалайды.  



Жанрдың классикалық тазалығын қолдай отырып, суретші өзінің табиғатқа сүйсінуін түстің күйі, қар, жаңбыр және пейзаждық кескіндеменің канондық элементтерінің сәулет күйін беруге эксперимент жасай отырып, білдіреді.



Өткен жылы ол голландиялық Роттердамда өткен ірі жәрмеңкеге қатысты. Мұның нәтижесі шеберді Еуропада мойындатып, сабақ беруге ұсыныс алуға себеп болып қана қоймай, суретші саяхат кезінде аралаған қалаларға арналған жұмыстарының туындауына жол ашты.
  
 

«Ұлар» галереясы: Панфилов, 92 (Әйтеке би көш.бұр.), домофон 77 мекен-жайында орналасқан.




21.04.2017