Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.04.2018

Алмалы ауданында жалпы сенбілік


Жалпықалалық сенбілік аясында Алмалы ауданындағы «Амангелді» саябағында қылқан жапырақты 28 түп ағаш отырғызылды. Ал, жалпы сенбілік барысында отырғызылған ағаштар саны – 160.  







Алматы қаласының санитарлық жағдайын және көріктендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алмалы ауданында жалпықалалық сенбілік өтті.  


Қоғамдық және жастар ұйымдары, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, ПИКтер, жоғары және орта білім беру мекемелерінің студенттері, әлеуметтік мекемелер және тұрғындар аудан бойынша сенбілікті жоғары деңгейде өткізуге өз үлестерін қосты. Жалпықалалық сенбілік өткізу барасында көшелер, аулалар, жалпы қолданыстағы орындар, арық жүйелері, бос орындар, жасыл желектер, өзен арналары мен су қоймаларының жағалары тазаланды. 



Жалпы сенбілікке шыққан адамдар құрал-жабдықтармен, қаптармен , қолғаппен қамтамасыз етілді. Аталған сенбілікке 100 техниканың қатысуымен қоқыс шығарылды. 




21.04.2018