Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Алмалы ауданындағы «Қала бағында үрмелі оркестр ойнайды» атты акция аяқталды




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және  «Белсенді ұзақ өмір сүру» зейнет жасындағы қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған қалалық бағдарлама аясында «Мәншүк және Әлия» саябағындағы «Қала бағында үрмелі оркестр ойнайды» атты акция аяқталды.







Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында еліміздің батыр қыздарына арналған «Мәншүк және Әлия» саябағында  әр жексенбі күндері  А. К. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының үрмелі оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің талантты өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, әскери әндер орындап, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырды.







Музыкалық жексенбі репертуарында бәрімізге таныс және сүйікті әндеріміз, сондай-ақ жаңа туындылар мен вальс шырқалды.







Мамыр айының басында әр жексенбі күндері жанды тебірентіп, жастық шақты еске түсіретін әуезді әндер акциясына жиналған адамдар саны көп  болды. Олар үшін № 10 және № 6 музыкалық  мектептің талантты жастары мен музыкалық ұжым өнер көрсетті.









Шараның басында кешкі парк ішін ұлы  композиторлар А. Жұбанов, Құрманғазы, Н. Тілендиевтың әуендері ойналып, көрермен тыңдаушылардың  көңілдерінен шықса, кейін  шараны әлемдік   аты аңызға айналған Марк Бернестің «Журавли» және Сейдолла Байтерековтің «Әлия» әндері жалғады. Шараға келгендер вальс биін биледі.







Алмалы ауданында мамыр айының демалыс күндерінде өткен бұл шара  1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орайластырылған. 








21.05.2018