Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Алмалы ауданында зейнеткерлерге арналған спорттық - сауықтыру жаттығулары ұйымдастырылды


«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын іске асыру мақсатында, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен  аудандық Ардагерлер кеңесі бірлесіп,  Байсейітова мен Құрмағазы көшесінің қыйлысындағы «Workout»  спорттық жаттығу алаңында зейнеткерлерге арналған спорттық-сауықтыру гимнастикасын ұйымдастырды. Зейнеткерлік жастағы адамдар үшін - бұл салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға, дене бітімді қалыпқа келтіруге, пікірлестерді табуға және уақытты пайдалы өткізуге тамаша мүмкіндік!



Сонымен қатар, сіздерді әр аптаның сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 9.00-де Байсейітова  мен Құрманғазы көшесінің қыйлысындағы «Workout»   алаңында  спорттық нұсқаушы Маловичко Юрий Александровичтың жүргізетін спорттық сауықтыру сабағында күтеміз. Барлық сабақтар толығымен тегін. Толық ақпаратты мына байланыс номерлері арқылы анықтай аласыздар: 261-51-20, 272-79-12. 



«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасы шеңберінде Алмалы ауданының саябақтарында йога сабақтарын жүргізу жұмыстары жоспарланып,  нұсқаушылармен келіссөздер жүргізілуде.
Еске сала кетсек, әр күн сайын М.Ганди саябағында сағат 8.00-ден бастап таңғы гимнастика сабақтары жүргізілуде.


21.06.2018