Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2017

Алмалы ауданында «Балаларды мектепке дайындаймыз!» акциясы бастау алды


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке дайындаймыз» атты республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға  Алматы қалалық Мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі Рахман Алшанұлы Алшанов пен Алматы қалалық Мәслихат депутаты Сабина Амангелді қолдау көрсетті. 



«Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы – оқушыларға мектепке қажетті заттарды алуға көмектесу ғана емес, сонымен қатар қоғамды ізгілікке бастау жолындағы үлкен қадам болып табылады», - деп атап өтті Алматы қалалық Мәслихат депутаты Рахман Алшанұлы Алшанов.



Депутаттардың демеушілігімен 15 көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формалар мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Алдағы уақытта бұл акция өз жалғасын табатын болады.


21.08.2017