Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2016

Алмалы ауданы қалалық «Тіл парасат» байқауында бірінші орынға ие болды


Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті Драчева Оксана қалалық «Тіл - парасат» байқауының жеңімпазы атанды.



Аталмыш байқау қаланың 18-22 жас аралығындағы мемлекеттік тілді еркін меңгерген орыс жастары арасында орын алды. Іс-шара жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, көпшіліктің қазақ ұлттының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушылар жан-жақты тұрғыда бақ сынасты. Олардың өзін-өзі таныстыруы, берілген тақырып бойынша бір-бірімен дилог құра білуі қазылар алқасының назарында болды. Сонымен қатар, берілген тақырыпқа шығарма жазып, жиналған қауымның алдында өз өнерлерін паш етті.



Байқаудың аудандық және қалалық деңгейлерінде мыңнан жүйрік атанған Драчева Оксана - ілеспе аудармашы мамандығында тәлім алуда. Үш тілді жетік меңгерген Оксана алдағы уақытта басқа да тілдерді үйренуге ниеті зор екенін атап айтты.   
     


21.11.2016