Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алмалы ауданының Ақпараттық насихаттау тобының белсенді мүшелерін алғыс хатпен марапаттау шарасы өтті


Алмалы ауданының әкімдігінің аппаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне орай, Қазақстан Республикасындағы 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы Мемлекеттік бағдарлама аясында «Экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыс» жүргізуде белсенділік танытқан  Алматы қаласы,



Алмалы ауданының Ақпараттық насихаттау тобының   бірнеше мүшелері мен көмек көрсеткен оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр Серікқызы мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлының қатысып, қолдауымен өткен Алғыс хаттармен марапаттау шарасы  өтті.



Шараға елге танымал  ғалым, қоғам қайраткері Асылы Осман Әлиқызы, Олимпиада чемпионы Ибраимов Ермахан, маслихат депутаты және Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеттің ректоры Нүкетаева Динар,



Алмалы ауданы  «Төле би» мешітінң бас имамы Мырзабаев Кенжеәлі мен наиб имамы Фазельжанов Азат, «Шаңырақ» діни кеңес беру мен қалпына келтіру орталығының директоры, дінтанушы Мадияров Мирхат пен аудан оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары қатысуымен алғыс хат пен сыйлық ұсынылып, марапатталды. 



Шара барысында Алмалы ауданы ауданы әкімінң орынбасары Бекжанова Айнұр Серікқызы мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы сөз сөйлеп,  алғыс хат иелеріне атқарған еңбектеріне алғыс білдіре отырып, құттықтады.  


21.12.2016