Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2015

№ 58 мектепте Алмалы ауданы әкімінің аппараты аудан әкімінің кубогына 7-8 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар түрлерінен спорттық жарыс өткізді


Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы және де Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Алмалы ауданы әкімінің аппараты жасөспірімдер арасында ұлттық спорт ойындарынан: арқан тарту, асық шеңбер, тымақ ұру, тоғызқұмалақ, асық ату, қолкүрес және т.б. түрлі қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырды. Бұл жарыстың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру болды.

Жарыстың жеңімпаздары сыйлықтармен, Алмалы ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, кубокпен марапатталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық ең үздік атанғандар:1-ші орынды №58 мектептің командасы, 2-ші орынды С.А. Ходжиков атындағы № 39 мамандандырылған лицей № 39, 3-ші орынды № 67 мектеп иеленді.

Қатысушыларға ізгі тілек айтып, салтанатты спорттық іс-шараны ашқандар: Алмалы ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Л.Т. Мамедова, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алмалы аудандық бөлімшесінің өкілі Н.Жарасқан, Алматы қаласы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының өкілі, майор А.Тепсаев, «Ақ ниет» АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясының Президенті А.Б.Садықова, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Ү.Нұрпейісов және т.б.

Жалпы қатысушылардың саны: 120 бала.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданының Білім беру бөлімі, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алмалы аудандық бөлімшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы Ішкі Істер Департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, «Irish Pub Dublin» ЖШС, «Ақ ниет» АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясы, «Қорғау HR» ҚФ, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

22.01.2015