Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Қазақстанда тұңғыш рет Қырғызстанның белгілі дирижері Бақытбек Тилегенов және Қырғыз Республикасының өнер қайраткерлері концерт береді


31 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында Қырғыз Республикасының халық артисі, танымал дирижер Бақтыбек Тилегеновтің шығармашылық кеші өтеді.



Екі ел арасындағы мәдени шығармашылық байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған концерт көршілес Қырғыз ағайындарының Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына тартуы болып табылады.
Бактыбек Тилегенов – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген артисі, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, халық аспаптар және Бішкек қалалық мэриясы үлкен симфониялық оркестрінің бас дирижері, көркемдік жетекшісі.
Іс-шараға: ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Дуйшонбек уулу Закирбек (қомузшы), Бокоева Бактыгуль (сопрано), Аскат Мусабеков (тенор).

Өтетін орны:Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 83, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
Уақыты: 2019 жылдың 31 қаңтары, сағат 19.00-де.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:
8 (727)279-01-92, 87024214118. 


22.01.2019