Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2017

Алмалы ауданында оқушыларға арналған екінші Ustudy Аймақтық Тестілеу Орталығы ашылды


Алматыда  оқушыларға арналған екінші Ustudy Аймақтық Тестілеу Орталығы ашылды. Енді Алматыда оқушылар мен ата-аналар заманауи әрі ыңғайлы инфрақұрылымды қолдана отырып, орталықта ҰБТ мен мектеп емтихандарын үздік тапсыру үшін және де мектеп білім беру сапасын тексере алады. 



Алматыда  Ustudy компаниясының екінші Аймақтық Тестілеу Орталығы ашылды. Осы орайда, оқушылар өздерінің білім деңгейін анықтап, мектеп қабырғасындағы кез келген емтиханнан сүрінбей өтуіне септігін тигізетін онлайн-форматында тестілеуден өту мүмкіндігіне ие болды. 
Ustudy Аймақтық Тестілеу Орталығы Ustudy білім беру бренді мен Ұлттық Тестілеу Орталығының (ҰТО) ортақ жемісі. Бұған дейін осындай орталықтар еліміздің батыс,шығыс және оңтүстік аймақтарындағы қалаларда бой көтерген еді.



Ustudy Білім беру жобасы қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Ақтау,Ақтөбе,Атырау, Қызылорда,Қарағанды,Семей  қалаларында 13 өңірлік тестілеу орталықтарын ашты, келесі орталықтарымызды Көкшетау, Қостанай және Астана қалаларында ашуды жоспарлап отырмыз. 



Алматы  қаласындағы  Аймақтық тестілеу орталығын ашудағы басты міндеттердің бірі - жаңа білім беру өнімдері мен технологияларды пайдалана отырып Қазакстанда тестілеудің жаңа мәдениетін құру.   



Алматыдағы Аймақтық тестілеу орталығы өз бойына техникалық жарақтандыру, дизайн және ресімдеу тұрғысынан ең жақсы шешімдерді жинаған. Аймақтық тестілеу орталығында оқушылардың тестілеуден өту барысына басқа көзқараспен қарауына жағдай жасалған. Орталық шамамен мың шаршы метр аумақты қамтиды және жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталған 150 орын бар және де орталықтың ішкі дизайнымен Қазақстанның жетекші дизайнерлері еңбек етті. 



-Біздің компанияның үлкен инфрақұрылым түріндегі тестілеу орталықтарын іске қосу және басқаруда мол тәжірибесі бар, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын табысты іске асыру арқылы біз білім беру саласы тарихындағы бірінші әріптестік болуымыз мүмкін - дейді Жанат Рахмани мырза. Аймақтық тестілеу орталығының басқарушы операторы және серіктесі ретінде Ұлттық тестілеу орталығының бізді таңдағанын мақтан тұтамыз. Біз Ұлттық тестілеу орталығымен көп жылдар бойы жұмыс жасап келеміз және бұл жылы бірлескен тестілеу орталықтарын құру арқылы серіктестіктің жаңа кезеңіне шыққанымызға қуаныштымыз.


 
Жыл бойы Аймақтық тестілеу орталығында оқушылар:

1. сынама тестілеуден өтуге
2. мектеп бағдарламасы бойынша өз білімдерінің «әлсіз тұстары» бойынша есеп алуға
3. Қазақстанның үздік мұғалімдерінің қазақ тілінде ұсынган бірегей білім бейнесабақтарна қол жеткізуге
4. кеңес алуға
5. жетекші мектеп оқытушылары ұсынған демалыс және белсенді емтихандарға дайындықты үйлестіре отырып өтетін жазғы кампусы – көшпелі демалысқа жазылуға мүмкіндік алады. 
Аймақтық тестілеу орталығы білім беру саласында онлайн сервистерді енгізу және дамытуға арналған алаңға айналады. 
Орталық Құрманғазы көшесі 48 А мекен-жайы бойынша орналасқан. 


22.02.2017